Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
7 мамыр күні болған шекарадағы атыс туралы Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеді.
Сағат 12:20 шамасында Баткен облысы Лейлек ауданындағы Ақ-Босого ауылы маңында Қырғызстан шекарашылары мал жайып жүрген тәжік шопандары көзге түскен.
Қырғызстанның ұлттық комитеті Тәжікстан азаматтарының әскери қызметкерлерге тас лақтыра бастағанын мәлімдеді. Артынша шопандардың бірі қырғызстандық шекарашыларға екі-үш оқ атқаны анықталды.
“Қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін қырғыз шекарашылары әуеге ескерту оқтарын жаудырды, содан кейін шабуылдаушылар Тәжікстанға қарай шегінді. Қырғызстан шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді Қырғызстан Республикасы департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, тәжікстандық шопан жараланған. Толық мәлімет әлі жарияланбады.