Bugin

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

Биыл сұм соғыстың аяқталғанына 79 жыл толды. Bugin.kz порталы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!

9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл күнге ата-бабаларымыз жанқиярлық ерлік пен асқан өрліктің арқасында жетті. Батыр бабаларымыз жеңістің күнін соғыстың шебінде жүріп жақындатты. 1941 жылдан басталған соғысқа 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының, соның ішінде 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызын құрады. 

Фото: Bugin.kz

Фото: Bugin.kz

Соғыстағы асқан ерлігі үшін 100 мыңнан астам қазақстандық түрлі деңгейдегі орден, медальдермен марапатталды. Оның ішінде 99 майдангер Кеңес Одағының Батыры және Тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы атанды.

Батыр бабаларымыздың Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова тағы басқа даңқты бабаларымыздың ерлігі ел есінде. 

Жеңіс күнін жақындату үшін жастайынан жұмыс істеген тыл ардагерлерінің ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Олар өз балалықтарын тыл даласына айырбастаған нағыз қаhармандар. 

1418 күн мен түнге созылған екінші дүниежүзілік соғыста қаншама батыр боздақтарымыз Отан үшін отқа түсіп, құрбан болды. Олар ерліктің ерен үлгісін көрсетті, ұрпақтарының мақтанышына айналды.