Bugin

Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Астана қаласындағы Керей-Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы LRT алаңында құрылыс краны құлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ.

«"City Transportation Systems" ЖШС Қабанбай батыр даңғылы мен Керей Жәнібек хандар даңғылының қиылысында сағат 10:35-те арматураны көтеру кезінде бағыттама кран құлағанын хабарлады. Кран "Времена Года" тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлаған. Оқиға орнында мердігердің, басшылықтың, СТS және полицияның жауапты қызметкерлері жүр.

Сондай-ақ оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшылығы да шығып үлгерді. 

"Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың алдын ала себебі – шамадан тыс жүктеме. Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр", - делінген өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.