Bugin
Фото: ТЖМ
Еліміздегі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 18.00-дегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Республика бойынша 51 506 адам өз үйлеріне оралды.
"10 043 жеке тұрғын үй мен 3 242 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды", - делінген хабарламада.
Су тасқыны басталғалы бері 17,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.