Bugin

Шенеунік күйеуінен қорлық көрген әйелдің қайда екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: korgau.astana Facebook-парақшасы

Күйеуінен жәбір көрген Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігі кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш елге оралған соң "Қорғау" дағдарыс орталығына орналасты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Каринаның елге оралуына СІМ көмектескен. Алайда Каринаны әуежайда күйеуінің туыстары күтіп тұрған. 

"Қорғау" дағдарыс орталығына Анна Рыль Каринаның жағдайы туралы:

"Қазір Карина Мамаш әпкесі мен балаларымен еліне оралды. Әуежайдан оны жақын достары қарсы алды, бірақ күйеуінің туыстары да келді. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына келді. Қазіргі уақытта олар дағдарыс орталығында, әйел мұнда психолог пен заңгердің көмегін алады", – деп жазды.