Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Константин Шелков
Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Аққулы ауданында болған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 8 мамыр күні 23:25-те 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабарлама алғанын мәлімдеді.
Артынша суға батқан ер адамға 9 мамыр күні іздеу жүргізілген. Оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.
Бүгін таң атқанда кеме капитанын іздеу жұмыстары қайтадан жалғаспақ.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61