Bugin

90 жастағы кейуана соғыста марқұм болған әкесін іздейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бейнеден алынған

Кейуананың әкесі соғысқа аттанып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Хабар24-ке сілтеп.

Қазиза Наурызбаева есімді 90-ға келген қария майданда жоғалған өз әкесінің сүйегін табуды армандайды. Оның әкесі Наурызбай Жұматай 1941 жылы соғысқа аттанған. 

"Сол 4 баласы, жас анам, 30-дан енді асқан бәріміз шуылдап қала бердік. Баланың үлкені 10-ға қарай келіп қалған. Кішісі әлі бесікте еді. 3 ұл, 1 қыз болдық. Содан солай болды, қай жерге апарғанын мен білмеймін. Әйтеуір соғысқа алып кетті. Біз шуылдап қала бердік. Ботадай еңіреп қала берген балалардың тағдыры ауыр болды. Бастапқы кезде майданға аттанған әкеден хат келіп тұратын. 1 жыл өткеннен кейін арадағы байланыс үзілді. Соғыс даласынан қара қағаз келді. Наурызбай Жұматай майданда қаза тапты. Бұл хабар бізге өте ауыр тиді, – дейді тыл еңбеккері  Қазиза Наурызбаева.

Әкесі соғысқа аттанып, артынша қара қағаз келген соң шаңырақта береке де кеткен.

Сонымен үйдің берекесі кетті. Енді балалар өсіп келе жатыр. Тамақ керек. Шешем сосын жұмысқа шықты. Қырманға. Ол қырманға үйдегі кішкентай ұсақ-түйек жұмыс. Кішкентайды апарып емізу, бәрі менің мойнымда қалды. Мен сөйтіп жүрдім, сұп-сұйық бірдеме береді, оны да аламыз. Солай қарнымыз аш болды. Ана жерден бір уыс бидай алайын десең, ешкім алғызбайды. Жан-жақтан қарап тұрады барлығы. Содан қысқасы, солай-солай өмір сүріп жата бердік. Содан кішкентай қайтыс болып кетті. Мен апарып, әкеліп жүргенім. Содан үшеуіміз ары қарай өмір сүре бердік. Арада 80 жылға жуық уақыт өтті" - деді әжей.

Бүгінде батырдың қызының қолында ешқандай суреті қалмаған. Үміт үзбеген кейуана жер-жерге іздеу жариялаған. Арманы – жатқан жерін тауып, сүйегін елге әкеліп қайта жерлеу.