Bugin

Түркістанда сәбидің өлі денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pixabay

Түркістанда сәбидің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК-ға сілтеп.

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі белгісіз біреудің мерзімнен ерте туылған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. Шамамен 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған. 

"Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды", - делінген ақпаратта.