Bugin
Фото: depositphotos.com
Украиналық олигарх Игорь Коломойский 20 жылдан астам уақыт бұрын тапсырыспен кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі pgo_gov_ua телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Украина Ұлттық полициясының Бас тергеу басқармасының тергеушілері белгілі кәсіпкерге қатысты күдік барын хабарлады. Ақпаратты Украинаның Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасы растады. Күдіктінің аты-жөні жарияланған жоқ. Мәлімдемеде Коломойскийдің жартылай ретуштелген фотосуреті жарияланды. Бұл туралы украиналық БАҚ жазып жатыр.
Мәлімдемеге сәйкес, 2003 жылдың тамыз айында Феодосия орталығында "төрт адам адвокатты аяусыз ұрып-соғып, пышақтап тастаған",-деп айтылған. Адвокат аман қалған.
Ведомство хабарламасында:
"Ол кезде тәртіп сақшылары бұйрық негізінде кісі өлтірмек болған адамдарды ұстады. Қазір полицейлер тапсырыс берушінің жеке басына қатысты айғақтарды анықтады", - делінген.
Игорь Коломойский 2023 жылдың қыркүйек айының басында қамауға алынып, содан бері қамауда отыр. Кәсіпкер алаяқтық және қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру бойынша күдікке ілінген. Тергеу мәліметтері бойынша, 2013-2020 жылдар аралығында Коломойский өз бақылауындағы банк құрылымдары арқылы шетелге 0,5 миллиард гривнадан (14 миллион доллар) астам ақша алып кеткен.
Forbes Коломойскийдің байлығын 1 миллиард долларға бағалады. 2019 жылғы президенттік сайлауда Игорь Коломойский Владимир Зеленскийді қолдап, нәтижесінде Украина президенті болды.