Bugin

Бишімбаев пен Байжановтың тағдырын шешетін үш сұрақ белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Бүгін, 10 мамыр сағат 10.00-де Бишімбаев пен Байжановқа қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста алқабилердің қатысуымен айыпталушыларға қойылатын сұрақтарды талқылау болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес алқабилер мәселелерді талқылау және тұжырымдау уақытында сот отырысы залынан шығарылып, БАҚ өкілдері де тікелей көрсетілімді тоқтатты.

Заңгер Данияр Байғабатов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚІЖК-нің 653-бабының екінші бөлігіне сәйкес әрбір тарап сұрақтардың мазмұны мен тұжырымы бойынша өз ескертулерін айтады, сондай-ақ олар жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар жасайды

Әрбір айыпталушы бойынша келесі үш сұрақ қойылады:

қылмыстың болғаны дәлелденді ме?

бұл қылмысты сотталушы жасағаны дәлелденген бе?

сотталушы бұл қылмысты жасағаны үшін кінәлі ме?