Bugin
Фото: Bugin.kz
Бүгін, 13 мамырда Астана қалаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы өтті. Сотта айыпталушыларға жаза тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Соттың шешімімен Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Естеріңізге сала кетейік, күдікті Қ. Бишімбаевқа
ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру,
ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.
Күдікті Б.Байжанов ҚР ҚК-нің 432-бабы "Қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша айып тағылған болатын.
Тікелей эфирден үзіндіні осы сілтеме арқылы көре аласыздар.