Bugin
Фото: инстаграм @atyrau_oil
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел қорытынды шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысының Индербор ауданында су 22 сантиметр көтерілген. Су деңгейі – 1014 см, шекті деңгейі – 845 см.
Махамбет ауданында да су деңгейі 16 сантиметрге көтерлді. Шекті деңгей – 850 см болса, қазіргі су деңгейі – 924 см. Атырау қаласында су деңгейі 6 сантиметр көтерілді. Шекті деңгей – 550 см, қазіргі су деңгейі – 528 см.
Жаңаталап ауылы мен Еркінқала ауылына қауіп төніп тұрған жоқ. Ол жақта су деңгейі бүгін 4 сантиметрге көтерілген.