Bugin

Азияда құрғақшылық. Кофе нарығында 45 жыл болмаған рекорд тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Robusta кофесінің бағасы 1979 жылдан бері ең жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Халықаралық кофе ұйымының баяндамасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәуір айында негізгі нарықтардағы көтерме бағалар 16,8%-ға өсіп, өнімнің бір келісіне шамамен 4,27 долларды құрады.

Robusta кофесінің ең ірі өндірушісі Вьетнамда орналасқан. Оның бағасының өсуіне сол жақтағы егіс шығымының нашар болуы мен жеткізу қызметіндегі үзілістер әсер етті. Кофенің арабика және робуста деген екі түрі бар. Робуста құрамында кофейіні көптігімен ерекшеленеді.

Bloomberg агенттігі жаһандық климаттың өзгеруі Азия елдерінің ауыл шаруашылығында құрғақшылыққа әкелгенін хабарлады. Су тапшылығы диқандарға  суармалы жерлерден өнім алу үшін кедергі келтіріп жатыр.