Bugin

Ирак азаматы: 11-сынып оқушысы мектеп директорын атып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Ыстамбұл қаласындағы "Final Academy Айюбсұлтан" мектебінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, 11-сынып оқушысы тәртібі нашар болғандықтан 2023 жылдың соңында мектептен шығарылған. Бірнеше айдан кейін оқушы бұрынғы мектебіне келіп, директорды  кабинетінде бес рет атып өлтірген.

Куәгерлер ауыр жараланған 74 жастағы директорды ауруханаға жеткізген. Алайда ол көп ұзамай қайтыс болды. Күдікті 17 жастағы Түркияда оқитын Ирак азаматы екен. Бірнеше сағаттан кейін ұсталған. Ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қамауға алынды.

Тергеу кезінде ол өзін мектептен қуған директорды аяғынан жаралап қорқытпақ болғанын айтқан.