Bugin
Фото: Жоғары сот
Бүгін Астана қалалық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бүгін сот отырысында алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтті.
Төрағалық етушi адам екі тараптардың ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып, алқабилер үшін соңғы сұрақтарды дайындау мақсатында кеңесу бөлмесiне кетті.
"Алқабилердің қатысуымен сұрақтарды жариялау 13 мамыр күні сағат 09:30-да өтеді", - делінген Жоғары Сот таратқан хабарламада.