Bugin

Іле Алатауы тауларында 2 қыз қалып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Іле Алатауы тауларында жағдайы нашарлаған туристке құтқарушылар көмекке барды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына көтерілген.

"Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілді", - делінген хабараламада.

Түнде құтқарушылар туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті. Қыздар Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылғаны айтылды.