Bugin
Фото: depositphotos.com
Өзбекстанда жыл басында жоғалған азаматтың кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Darakshi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Азаматша өзінің ағасы Х.А. 7 қаңтар күні сағат 19:30 шамасында тұрғылықты жерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Арыз 15 қаңтар күні қабылданған.
Жағдайды анықтау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, тергеу жұмыстары кідіріссіз жүргізілді. Тергеу барысында құқық қорғау органдары істе кісі өлтіру белгілері бар деп күдіктенген.
Азамат жоғалған аймақтағы құрылысы аяқталмаған нысандар және олардың айналасы тексерілді. Қылмыс орын алуы мүмкін деген жерлердің бәрі зерделенген. Нәтижесінді кісі өлтіру болғаны анықталды.
Кісі өлтірген адам бірнеше рет сотталған. Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Күдікті марқұммен бір сыныпта оқыған. Алкагольді ішімдік ішіп, бөтелкелестер мас болып қалған. Жанжал сол кезде туындап, салдарынан күдікті досын өлтіріп тастаған.
Айыпталушының кінәсі толығымен дәлелденді.