Bugin
Фото: El.kz
Ақын, драматург, аудармашы, халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазақстанның Халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің жары Заида Бекхожина дүниеден өтті", – деп жазылған хабарламада.
Заида Бекхожина ұзақ жылдар бойы мектепте тарих пәнінен сабақ берген. Қазақстанның халық жазушысы (1986), мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожиннің жұбайы.