Bugin
Фото: freepik.com
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәйітхана күзетшісінің Алматыда өлгендерді қорлады деген күдікпен ұсталу жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол 10 мамырда өткен брифингте Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасы 1980 жылы туған азаматқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын еске салды.
"Бұл азамат сот сараптамалары орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынастарында тұрмайды және тұрмаған. Яғни, ол әділет органдарының қызметкері емес. Шартқа сәйкес мәйітхананы қорғауды "Аят Секьюрити" ЖШС жүзеге асырады. Аталған азамат ЖШС-нің мәйітхана күзетшісі болып жұмыс істеді", - деді Талғат Уәли.