Bugin

Депутат пен ерлі-зайыпты мұғалімдер жол апатынан қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mgorod.kz

Самар-Шымкент тас жолының Ырғыз маңында ВАЗ автокөлігі мен МАН жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мой город сайтына сілтеме жасап. 

Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза болды. Мектептің 45 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ауруханада көз жұмды. Оның көлік жүргізгені белгілі болды.

Оқиға орнында мұғалімнің әйелі қайтыс болды. Ол сол мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар апат орнында Қырғыз аудандық мәслихатының 28 жастағы депутаты, ветеринарлық дәрігер қаза болды.