Bugin

Шымкентте жаңа туған нәрестесін тастаған әйелге қатысты жаңа ақпарат шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Шымкентте шала туған сәбидің денесін қорапшаға салып, тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында болған.

Белгісіз әйел шала туған сәбидің денесін №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық нәрестенің өлі денесі қорапшада болған.

"Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде",- деді Шымкент қаласының полиция департаменті.