Bugin
Фото: РИА Новости
10 мамырда Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус көпірден Мойка өзеніне құлады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Автобус ішінде 15 адам болған. 4 адам оқиға орнында қаза болды.
"Санкт-Петербургте автобус өзенге құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты, екі қылмыстық іс қозғалды: жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және қауіпті қызмет көрсеткені үшін", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан алты адам ауруханаға жеткізілген.