Bugin
Фото: әлеуметтік желі
Жайықтың жағасындағы үш ауылға тасқын қаупі төніп тұр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атырау облысы Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылы тұсында Жайық өзені ернеуінен асып, жайылмаға жайылған. 4 шаруа қожалығындағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілген.
Ағыспен келген нөпір су бекітілген жағаларды құлатып жатыр. Жайықты жағалай орналасқан 17 елдімекеннің үшеуіне тасқын қаупі төніп тұр. Біреуі осы Талдыкөл болса, қалғаны Сарайшық және Махамбет ауылы. Мұнда бөгеттер қосымша нығайтылып жатыр.