Bugin

30 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанған әнші

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: altynqor.com

Қапаш Қабыкенқызы Құлыш қазақтың даңқты әнші қызы. Bugin.kz тілшісі Қазақстанның Халық әртісі туралы деректерді ұсынады. 

Қапаш Қабыкенқызы 1949 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Ол Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Дөңгілағаш ауылында туған.

Алғашқы домбыра сабақтарын Көркем өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі, Үкілі Ыбырайдың немересі Мұса Асайыновтан алды. 1967 жылы Республикалық эстрада-цирк студиясына Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің сыныбына оқуға түсіп, 1969 жылы тәмәмдайды. Ол 1969 жылы Республикалық "Гүлдер" жастар – эстрадалық ансамблінің жетекші солисі болды. 

Д.Қонаевтің өзі бастап барған Куба астанасы Гаванада өткен XI Жастар және студенттер фестивалінің халықаралық байқауында Қапаш Құлышеваның салған әніне, сұлу дауысына Фидель Кастроның өзі қолын сүйіп, ризашылығын білдірген. 

Қапаш Құлышева 30 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанды.

 

Жолдасы - Еркін Слетдинов, қазақтан шыққан тұңғыш саксафонист, композитор еді. Екі талантты тұлғаның 2 қызы болды.