Bugin
Фото: freepick.com
11 мамырда синоптиктер Қазақстанның екі қаласында ауадағы зиянды қоспалардың мөлшері жоғарылауы ықтимал екенін ескертеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, Ақтөбе мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар тіркеледі деп күтіледі.
"Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін",- делінген хабарламада.