Bugin

Шенеунік мүгедектігі бар адамдардан пара алып келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Антикор бюджет қаражатын халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлу кезінде де жемқорлық фактілерінің болғанын анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысының үстінен арыз түскен. 

Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2 және 3-санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.

Кінәсін толық мойындауына байланысты сот күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдану арқылы "үйқамақ" бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр.