Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің 11 мамыр, сағат 10.00-дегі ақпаратына сәйкес, республикамыз бойынша су тасқынынан зардап шеккен 54 389 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ведомство мәліметінше, бүгін республикамыз бойынша су тасқынынан зардап шеккен 54 389 адам өз үйлеріне оралған, ал 5 281 адам, оның ішінде 2 242 бала әлі эвакуациялау пункттерінде отырғаны айтылды.
"5281 тұрғын үй мен 2242 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді",- делінген хабарламада.