Bugin
Фото: gov.kz
Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын жаңадан тағайындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2024 жылы 11 мамырда Константин Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды", делінген құжатта.