Bugin

Қазақстан азаматы Лондонда адам өлтірді деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазақстандық азамат Бейбіт Баймолда Лондонда адам өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы TSCnews-ке сілтеме жасап.

"Крэнстон Гарденс E4 мекенжайында 42 жастағы ер адам пышақ жарақатын алғаннан кейін 37 жастағы Бейбіт Баймолдаға адам өлтірді деген айып тағылды",- делінген хабарламада.

6 мамыр күні сағат 21.00 шамасында полицияға қоңырау түскені хабарланды. Оқиға орнына жеткен полицейлер пышақ жарақатымен жатқан жәбірленушіні тапты. Дәрігерлер тиісті көмек көрсеткенмен, ер адам алған жарақатынан көз жұмды.

Қылмысқа айыпты деп қазақстандық азамат пен 33 жастағы әйел ұсталды.