Bugin

Алматы облысында жүк көлігі аялдамадағы екі адамды қағып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepick.com

Алматы облысы Іле ауданында жүк көлігі қатты жылдамдықпен автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып кетті. Олар оқиға орнында қаза болды, - деп хабарлайды Bugin.k порталы өңірлік ПД бастығы Бауыржан Әленов Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі, 12 мамырға қараған түні болған.Әленовтің мәліметінше, "Беркут-35" экипаж қызметкерлері Байсерке ауылын патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісі мас халде болуы мүмкін деп күмәнданған.

"Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің "тоқта" деген талабын елемей, керісінше жасырынуға тырысты. Нәтижесінде жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті. Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды" , - деді ПД бастығы.

Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған.