Bugin
Фото: freepik.com
Бүгін, 12 мамырда қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері Астана уақытымен 10:52-де болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 597 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9,8;
Магнитудасы: 4,4;
Тереңдігі: 5 шақырым.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.