Bugin

Тағы бір елде күшті жер сілкінісі тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Әзербайжанда күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы елдің республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.

Сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша сағат 17:23-те (Астана уақытымен 18:23) Ленкоран ауданындағы Талыш тауларында магнитудасы 5,5 балға жеткен жерасты дүмпулерін тіркеген.

"Жер сілкінісінің қуаты 6 балды құрап, жақын жатқан аудандарда 5,3 балды көрсетті",- делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды.