Bugin

Атырау облысындағы бір ауылды су басуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылын су басуы мүмкін, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Ауыл маңында 3 км қорғаныс бөгеттері салынған. Оның 800 м бекінісі жаңартылды.

Жағалауды нығайту жұмыстарына 25 бірлік арнайы техника, 28 әскери қызметші және төтенше жағдайлар министрлігінің15 қызметкері жұмылдырылды.

Жергілікті тұрғындар мен сарбаздардың күшімен бөгеттерге 28 мың қап төселді. Талдыкөл орта мектебінде 300 орындық эвакуациялық пункт дайындалды. 

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлағандай,  фермерлер мен шаруа қожалықтарының иелеріне су басу қаупі туралы ескертулер берілді. Қауіпсіз жерлерге 200 бас ешкі мен қой, 300 бас сиыр көшірілді.