Bugin
Фото: yandex.kz
Қостанай облысында полиция қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап.
Ер адамның мәйіті тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Оның Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінде криминалист болып жұмыс істейтіні белгілі болған.
"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Қазір сотқа дейінгі тергеудің барысы ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.