Bugin

Су тасқыны: Жайық өзенінің деңгейі тағы көтерілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Атырау облыстық жедел штаб

Жайық өзенінің су деңгейі тағы да көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық жедел штабтағылар 12 мамыр күні 20.00-де жаңа мәліметті ұсынды. Атырау облысындағы Жайық деңгейі Индербор кентінде + 3 см, су деңгейі - 1036 см, шекті деңгейі - 845 см құрайды. Ал Махамбет + 5 см, су деңгейі-960 см, шекті деңгейі-850 см; Атырау қаласында + 2 см, су деңгейі-542 см, шекті деңгейі-550 см құрап тұр. Жаңаталап ауылы + 3 см, су деңгейі-389 см, шекті деңгейі-500 см; Еркінқала маңында + 3 см, су деңгейі-349 см, шекті деңгейі-450 см.