Bugin
Фото: Lider.kz Instagram парақшасынан
Желтоқсан айында жоғалып кеткен ер адамдар өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lider.kz еріктілерінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Ер адамдар өткен жылдың желтоқсан айында Алматы мен Шымкентте жоғалып кеткен болатын.
Оның бірі 1976 жылы туған Бегімбетов Мұрат Жайлаубекұлы. Азамат 2023 жылдың 30 желтоқсанында із-түзсіз жоғалып кеткен. Еріктілердің айтуынша, жоғалған адамның денесі 9 мамырда Алматының Алатау ауданында табылған.
Ал екінші ер адам 1989 жылы туған Мәдібеков Руслан Ерғазыұлы. Ол 2023 жылдың 26 желтоқсанында жоғалып кеткен. Сол күні ер адам Шымкенттегі токсикологиялық орталықтан белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен. Наркологиялық диспансерде және психикалық диспансерде есепте тұрған. Екінші топтағы мүгедек, денесінде күйік іздері бар.