Bugin
Фото:
Шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегін алған алғашқы адам трансплантациядан екі ай өткен соң қайтыс болды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы rtvi.com ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Ричард Слейман 62 жасында Массачусетс штатының госпиталінде трансплантациядан өтті. Операция екі ай бұрын, наурызда жасалған еді. Хирургтар шошқаның бүйрегі кем дегенде екі жыл өмір сүруге мүмкіндік беретінін айтқан.
Слейман шошқаның бүйрегін ауыстыру операциясынан өткен алғашқы адам болды.
Бұған дейін тәжірибе ретінде шошқа бүйрегі миы өлген реципиенттерге уақытша трансплантацияланған болатын.
Екі ер адамға шошқадан жүрек трансплантациясы жасалды, бірақ екеуі де бір ай ішінде қайтыс болды.