Bugin
Фото: REUTERS/Sayed Hassib
Ауғанстанның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан 315 адам қаза тауып, 1630 адам жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Breaking news-қа сілтеме жасап.
Су тасқыны елдің Бағлан, Тахар, Бадахшан, Гор және Герат провинцияларында болғаны нақтыланды. Бұл аймақта нөсер мыңдаған үйлер мен инфрақұрылымдарды қиратқан.
Ауғанстан үкіметі су тасқынының салдарын жою үшін арнайы делегация құрған.
Елдің экономика министрі 12 мамырда БҰҰ-ға, гуманитарлық қорлар мен жеке бизнес өкілдеріне су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды. Осының аясында түрлі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Ауғанстанға табиғи апаттарға қарсы күресте қолдау білдіруде.
Ал Катар Сыртқы істер министрлігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, су тасқынының салдарын жоюға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Түркия билігі де осындай мәлімдеме жасады.