Bugin
Фото: remosnov
Ел аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК 13 мамырда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын хабарлады.
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын айтады.
"Тек республиканың солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жел, түнде және таңертең шығыста тұман болуы мүмкін", — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Сондай-ақ, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары болып тұр.