Bugin
Фото:ТЖМ
Еліміздегі су тасқыны жағдайы бойынша 13 мамыр, сағат 10.00-дегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Республика бойынша 54 755 адам өз үйлеріне оралды. 5 291 адам, оның ішінде 2 239 бала эвакуациялау пункттерінде.
"11 205 тұрғын үй мен 3 516 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 19,3 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,8 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді", - делінген хабарламада.