Bugin
Фото: freepik.com
Астанада 20 жыл бойы Ресей құқық қорғау органдарынан жасырынып келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство 13 мамырда хабарлағандай, Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматы алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
"Қылмыстық әрекеттер жасағаннан кейін ер адам Қырғызстан Республикасына кетіп, ол жақтан Астана қаласына туыстарының үйіне қоныс аударған. Полиция қызметкерлері оны үйдің шатырынан тапқан. Қазіргі уақытта оны Ресей Федерациясының аумағына экстрадициялау мәселесі шешілуде", - деді полиция.