Weekend
Бастапқыда бәрі оның ісіне күмәнмен қараған
Бос шөлмекті пайдаға асырып, баспана тұрғызған азамат қалдықты да кәдеге жаратып тұр. Қармақшыдағы Тұрмағанбет ауылында тұратын Зәріп Мысабеков 40 мың шөлмектен баспана тұрғызған. Бұрын бос құтылардан монша тұрғызған ол қалдықтардан монша салудың пайдасы арқылы баспана тұрғызудың тиімді екенін дәлелдеді.
Бастапқыда оның ісіне күмәнмен қараған жақындары келе-келе бос бөтелкілерден де сарай тұрғызуға көзі жетіп, ісіне ере бастаған. Бүгінде ауылда Зәріп азаматтың ісін қолдап, жанына еріп, монша мен баспана салуға ниеттілердің қатары артқан.
Ауыл азаматы алғаш қолға алған моншасына 7 мыңға жуық құты пайдаланса, баспанаға 4 есе көп бөтелке жаратқан. Бос бөтелкені жинауға ауылдастары мен туыстары да бірігіп атсалысқан. Ісіне адалдықпен қарайтын оған жұбайы көмектесіп, ерекше баспана жасайды. "Құтыдан қаланған баспана ауа температураны бірқалыпты ұстайтындықтан жазда салқын, қыста жылы. Ұзындығы – 12, енді – 8 метрге жуық баспананың сыртын сылаудың қажеті шамалы" дейді ол.
– Басында мұндай ғимараттарға сенімсіз болғанымызды жасыра алмаймыз. Алдағы уақытта басқа да нысандар салуды жоспарлап отырмыз. Есік алдынан жылыжай мен дүкен тұғызамыз ба деген ойымыз бар, – дейді шебер.
Ауыл азаматы тек баспана салумен шектелмейді. Жаз шыға салысымен егін егіп, егіс алқабын реттейді. Қарапайым тіршіліктегі оның ісі қолынан іс келетін адамның ауылда да жайлы өмір сүруге болатынын дәлелдеп тұр.