Bugin
Фото: freepik.com
Павлодардағы мектептердің бірінде оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Полиция сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен павлодарлық мектеп оқушысын ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.