Bugin
Фото: freepik.com
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан қант экспортының кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"2024 жылғы 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қанттың халықаралық транзитін қоспағанда, қантты Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге тыйым салу енгізілсін. Қазақстан, сондай-ақ қанттың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы индикативті теңгерімдердің шегінде тасымалдануы шарт", - деп жазылған құжатта.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде түсіндіргендей, ішкі нарықтың қажеттілігі жалпы тұтынудың тек 13%-ы ғана отандық шикізаттан қант өндіру есебінен, қалған бөлігі – шикі қамысты өңдеу және шикізаттан дайын қантты жеткізу есебінен қанағаттандырылады. ЕАЭО елдері (Ресей Федерациясының үлесі – 57%, Беларусь Республикасы – 1,5%).
136 мың тонна көлеміндегі қант пен шикі қамыстың қолда бар қоры 2,5-3 айға дейін тұтынуға жетеді деген болжам бар.