Bugin

Лондонда кісі өлтірді деген қазақстандық туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

ҚР Сыртқы істер министрлігі Лондонда кісі өлтірді деген айыппен Қазақстан азаматының ұсталуы туралы тың дерек ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Лондон полициясы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігіне ҚР азаматтары ұсталғанын хабарлаған.

"Белгілі болғандай, бұл ерлі-зайыпты адамдар. Кейіннен әйелін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне босатқан, ал күйеуі тергеліп жатыр. Қазір біз өз азаматымызға қажетті барлық консулдық құқықтық көмек көрсетудеміз, оған адвокат тауып береміз. Оның Қазақстандағы туыстарымен де байланыстамыз", - деді Айбек Смадияров брифинг барысына.