Bugin
Фото: freepik.com
2024 жылдың 10 мамырында Алматыда автобус жүргізушісі пышақталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Наурызбай ауданында Жандосов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында автобус жөндеп жатқан жүргізуші мен ер адам арасында жанжал болған.
Zakon.kz редакциясы жолдаған сауалға Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2024 жылы 13 мамырда жауап бере отырып, суық қару қолдану бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.
"Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар өзара сөзге келіп қалған, содан кейін қатысушылардың бірі пышақ қолданған",- деген Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қылмыс құралы тәркіленгені де нақтыланады.