Bugin

Павлодарда педофилге қатысты сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

 

Павлодарда жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен адам сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қандай үкім шыққанын мәлімдеді.

Сотталушы М. есімді азаматтың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды.

«Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды – соттылығының болмауын, қылмыс жасаушының жас болуын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, М.-ға 20 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады», - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сотталған азамат жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлейді.