Bugin
Фото: Бейнеден алынған
Ақ көйлек киген қалыңдық өз тойында бауырсақ пісірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тараған.
Дүйім жұрттың көзінше той көйлегіндегі қалыңдық бауырсақ пісіріп, екі жақтың ата-анасына дәм татуға ұсынған. Әсерлі видео тарағанымен желі қолданушылары бұл әрекетті түрліше қабылдаған.
"Той үстінде емес, басқа жерде де пісірер еді", "мынауы болмапты", "обал ғой", "зорлық осындайдан басталады", “Ішек-қарын тазалатсын енді”, “Бояушы бояушы дегенге артық кетіпті”, “Ешқандай да салт-дәстүрімізді көріп тұрғаным жоқ” деген. Енді бірі: “Күйеу жігітке қамшы өргізсін” деп жазған.