Спорт
Головкин қартайды және мен оған лайықты қарсылық көрсете аламын
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБокстан қыздар арасындағы орта салмақтың абсолютті чемпионы, WBC, WBA (Super) және IBF белбеулерінің иегері 23 жастағы Кларесса Шилдс (9-0, 2 КО) ер азаматтармен жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеді.
13 сәуір күні америкалық боксшы қазақ жерінде туған неміс өкілі Кристина Хаммерді (24-1, 11 КО) төрешілер шешімімен ұтқан соң алдағы жоспарымен бөлісті.
«Мен спаррингты жиі еркектермен өткіземін. Оларды оңай жеңіп, мұрындарын сындырамын. Менің ойымша дәл қазір Кит Турманды ұта аламын деп ойлаймын. Ер боксшылардың физикалық деңгейі мықты болғанымен, техникалық шеберлігі жағынан менімен ешкім теңесе алмайды. Мысалы, Головкин қартайды және мен оған лайықты қарсылық көрсете аламын».
«Бокс – бұл тек қана күшпен шешілмейді. Ол ғылым. Соңғы жекпе-жегіме дейін көпшілік Кристина Хаммердің күшін менен көп деп еді. Алайда кездесу барысында барлықтарыңыз қалай жеңгенімді көрдіңіздер. Егер сол сәтте ер адаммен шыққанда одан да зорына куә болушы едіңіздер».
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61