Bugin

Қомақты қаражат жымқырды деп айыпталған Мырзахметовке үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: atameken.kz

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы басқармасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана соттарына сілтеме жасап.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Мырзахметов 2022 жылғы мамыр айынан қазанға дейін Б.-ға ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы ағасы Б.-ны қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату мәселесін шешуге мүмкіндігінің бар екендігін айта отырып, жаңылыстырып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы, алаяқтық жасау жолымен формалды түрде қарыз шарттарын ресімдей отырып, Б.-ның аса ірі мөлшерде 13,9 млрд теңге сомасында ақшалай қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген хабарда.

Сотталушы өз кінәсін мойындады. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.